«Бірінші референдум» акциясы: 18 жастағы сайлаушымен сұхбат
15 наурыз күні Қазақстанда маңызды қоғамдық-саяси оқиға - республикалық референдум өтуде. Бұл күні ел бойынша азаматтық белсенділікті қолдауға және жастардың мемлекет өміріне қатысуына бағытталған түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Осындай бастамалардың бірі - «Бірінші референдум» акциясы, оның аясында алғаш рет дауыс беріп отырған жас сайлаушыларға ерекше назар аударылуда.
Бурабай ауданындағы №314 сайлау учаскесінде 18 жастағы аудан тұрғыны - Тимур Бакытбекович Мынжасаров алғаш рет дауыс берді. Мынжасаров Тимур Бакытбекович - Щучинск қаласындағы Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 3 курс студенті. Биыл ол алғаш рет дауыс беруге қатысып, белсенді азаматтық позициясын және елдің қоғамдық өміріне деген кызыгушылыгын танытуда.
Ол үшін бұл күн ерекше, себебі ол алғаш








